Лаңкестік ұйымның кепілінде отырған 178 адам босатылды

Сондай-ақ лаңкестік ұйым басшыларының бірі тұтқынға алынды. Айта кетсек, Боко Харам аймақта 6 жылдан бері экстремистік әрекеттер жасап жүр. Мақсаты Нигерия жерінде шариғат заңдарын қатаң сақтайтын мемлекет құру. Қаскөйлер былтыр 200 оқушыны құлдыққа сатып, еркінен тыс күйеуге шығармақ болғаны да есте. Жалпы, бүгінге дейін 17 мың адам осы ұйым лаңкестірінің қолынан қаза тапқан екен. 

Loading...