Caravan Logo

Лара Фабиан миллионнан аса оқырманы бар парақшасында Димашты құттықтады

Лара Фабиан миллионнан аса оқырманы бар парақшасында Димашты  құттықтады

Бұл туралы Caravan.kz тілшісі хабарлады. 

"Адажио" әлемді аралап жүр... Қытайдағы "I am a singer" ТВ-байқауында орындаған Димаш Құдайбергеновті құттықтаймыз" деп жазды Лара Фабиан.

Димаш Құдайберген Фабиан орындайтын "Адажио" әнін "I am a singer-дің" алтыншы кезеңінде айтып, бірінші орын алған еді. Ол шығарманың соңғы жағына келгенде тізерлеп отыра кетіп, залды дүр еткізді. Көрермендер түрегеп тұрып қол соқты.