Латвия 9 мамырды тойдаудан бас тартты

Латвия Кеңес Одағы халқының Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін тойлаудан бас тартты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Халық үніне сілтеме жасап.

Латвияның Сеймі (Парламенті) 9 мамырды Ресей қарулы күштерінің шабуылынан Украинада қаза тапқан бейбіт тұрғындар мен әскери қызметкерлерді еске алу күні деп жариялады. Осыған байланысты тиісті заң қабылдады.

Енді Латвияда осы заңға сәйкес, 9 мамырда отшашулар мен мерекелік іс-шараларға тыйым салынады. Осы күні президент резиденциясы, Үкімет үйі, Сейм мен басқа да мемлекеттік органдардың ғимараттарында мемлекеттік ту төмен түсіріледі. Мемлекеттік туды тұрғын үйлерде де түсіруге рұқсат беріледі. Латвияның туының жанында Украинаның мемлекеттік туы да болады.

Сондай-ақ, Z және V деген белгіні насихаттаған адамдар жауапқа тартылады.