Латвия Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілі болуды қалайды

"Латвия Еуропалық Одаққа мүше ел ретінде оның Қазақстандағы өкілі болуды қалайды, сондай-ақ, Қазақстанды Еуропалық Одақтағы серіктесі ретінде танығысы келеді", - деді В. Затлерс.

"Біздің арамызда бейбітшілік және қауіпсіздік процессі бойынша жақсы түсіністік бар, біз өзара ынтымақтастығымыз арқылы осы процесстердің бейбіт әрі табысты болуына ықпалымызды тигізе аламыз деп ойлаймын", - деді Латвия мемлекет басшысы.

"Меніңше, тек тауар айналымының ғана емес, сонымен бірге екі жақтан бірдей саяси қолдаудың да маңызы зор. Қытай, Қазақстан , Ресей мен Латвия арасындағы байланыс - екі жаққа бірдей бастайтын жол. Осы жол табысты жұмыс істейтін болса, сауда-саттық та табысты болмақ. Ынтымақтастық - қауіпсіздіктің негізі", -деді ол.