Латвия премьері үкіметтің отставкаға кететіндігін жариялады


Бұл туралы ол журналистерге сәрсенбіде мемлекет президенті Андрис Берзиньшеммен (Andris Berzins) кездескен соң жария етті.

Tvnet порталының хабарлауынша, бұл шешімді В.Домбровскис Ригада супермаркеттің құлауы себепті қабылдады, онда 54 адам қаза болған еді. Премьер елге жағдайды шеше алатын үкімет керек деп санайды.