Латвия президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Үш жұлдыз орденін табыс етті

Н. Назарбаев бұл орденді Қазақстан мен Латвия арасындағы шынайы достық пен қарым-қатынасты жан-жақты нығайту ниетінің белгісі ретінде қабылдайтынын айтты.

Өз кезегінде Қазақстан президенті Латвия мемлекет басшысына бірінші дәрежелі "Достық" орденін табыс етті, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.