«БАҚ-та жарияланған ақпараттың арқасында келесі мәселе анықталды, «Электрондық үкімет» порталында Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңімен көшіру бойынша 2025 жылға дейінгі мерзімге арналған іс-шаралар жоспарының мақұлданбаған жобасы жарияланған. Жұртшылыққа әлеуметтік желілерде түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін қаржы бөлінбегенін жеткізгіміз келеді», - деп атап өтті Мәдениет және спорт министрлігінің қызметкері.
Сондай-ақ, Мелдешов қателік жіберген ведомство қызметкерлерінің жауапкершілікке тартылатынын, ал бекітілген Жоспардың жобасы таяу күндері «Электрондық үкімет» онлайн-порталында жарияланатынын мәлім етті.