Лауазымды 10 шенеунік қызметтерімен қош айтысуы мүмкін


Серік Ахметов, ҚР премьер-министрі:

– Сөгіс беру арқылы бюджеттің орындалу тетіктерін ретке келтірдік. Әйтпесе қимылдайтын түрлері жоқ. Қаржыны тиімді жұмсай алмағандардың барлығын жазаланады.

Бірақ негізінен орынбасалар жазаланған соң ба, министрлердің ұпайы түгел. Көңілдері де көтеріңкі. Портфельсіз қалам-ау деген қорқыныш сезілмейді. Өйткені еңбек заңы бойынша, кез-келген лауазымды мемлекеттік қызметкер қатаң сөгіс алып міндетін тиісті деңгейде атқара алмаса жұмыстан шығарылуы тиіс. Үкімет басшысы Серік Ахметов мұндай батылдыққа бара ма жоқ па бұл жағы әзірше белгісіз. Жауапты атқамінерлердің қазынаның мрлдтаған қаржысын тиімді жұмсай алмағаны былай тұрсын мемлекеттік бағдарламаларды құрдымға жіберген. Бұған дейін вице-министрлер, комитетет, агенттік төрағалары мен облыс әкімдерінің орынбасарларына қатал сөгіс жарияланған болатын.