"Лауазымды кісінің атын жамылып хабарласты, бұл істі жай қалдырмаймын": Жұлдыз Әбдікәрімова күтпеген мәлімдеме жасады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Жұлдыз Әбдікәрімова ол жайлы өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

"Алдағы уақытта БАҚ өкілдерін жинап, пресс-конференция беремін. Сот барысы бойынша барлық ақпаратпен бөлісіп, осы алаяқтық туралы барлық ақпаратты айтамын.

Лауазымды кісінің атын жамылып, маған хабарласқан адамның аты-жөні, нөмірлері және қай мемлекеттік қызметкердің атына кір келтіріп жатқандығы туралы барлығын айтамын", - деп жазды ол.