Ләззат Танысбай Qazaqstan арнасының басшылығына келді

«Ләззат Мұратқызы белгілі журналист, телевизия саласының білікті маманы әрі табысты топ-менеджер екенін өздеріңіз де жақсы білесіздер. 

Ләззат Танысбай қазіргі уақытқа дейін қолға алынған іргелі шараларды одан әрі жалғастырып, корпорацияны жаңа деңгейге көтереді деп сенемін», - деп жазды министр.

Сонымен қатар Абаев Ерлан Қаринге алғыс білдіріп, жаңа қызметінде табыс тіледі. Еске сала кетсек, таяуда Қарин президенттің кеңесшісі атанған еді.


Ләззат Танысбай бұған дейін «Нұр-Медиа» холдингін басқарған.