Бұл туралы бүгін жарыстың жеребесі тартылғаннан кейін өткен баспасөз мәслихатында айтылды.
Жарысқа қатысатын балуандардың арасында 9 Олимпиада чемпионы және Әлем чемпионаттарының 37 жеңімпазы бар.
«Ерлер мен әйелдер арасындағы бұл байрақты бәсеке Қазақстанда тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Оның сәтті өтетініне үмітім мол. Олимпиада ойындары қарсаңында болатын бұл жарысқа әрбір салмақ дәрежесі бойынша дүниежүзінің ең үздік 16 балуаны қатысқалы отыр», - дейді Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер.
Оның айтуынша, 48 елдің балуаны өнер көрсететін дүбірлі дода әлемнің 140 елінде көрсетіледі. Халықаралық дзюдо федерациясы Қазақстанда спорттың бұл түрінің одан ары дами түсуіне көмек қолын созуға әзірліктерін білдірді.