Эпатаждың шебері, «Грэммидің» иегері әнші Леди Гага жұртты тағы таңқалдырды. Енді ол дүкенге атқа мініп баратынды шығарыпты. Естеріңізге сала кетсек, өткен Рождество мерекесіне Стефани Джерманотта (Леди Гаганың шын аты) ақ сәйгүлікті сыйлыққа алған болатын. Сол кезде ол ақбоз аттың суретін Instagram желісіндегі парақшаға жариялап, жұрт алдында мақтанды. Артынша Леди Гага «Ақ періштені» тіпті үйінің ішіне де кіргізетін болған. Ал таяуда әнші осы сәйгүлікке мініп, дүкенге барып келіпті. Автокөлігін қаңтарып қойған Леди Гага енді осы үрдісті әдетке айналдыруды ұйғарған секілді. Әншіні аңдыған папарации оның осындай бір серуен барысын суретке түсіріп алып, ғаламтормен жер-жаһанға таратты.