Legatum Institute-тің саулық рейтингісінде Қазақстан 55-ші орында


Рейтингті бастап тұрған қайтадан Норвегия, артынан Швейцария, үшінші орында Жаңа Зеландия. Әлемнің ең гүлденіп дамыған елдерінің ондығы ішінде Дания, Канада, Швеция, Австралия, Финляндия, Нидерланды және АҚШ бар.
Индекске 142 мемлекет енгізілген, дүниежүзі халқының 96% және әлемдік ІЖӨ 99% қамтылған.
Тізімнің соңында Орталықафрикалық Республика.
Legatum Institute индексі сегіз санат бойынша бағаланған: экономика, білім беру, денсаулық сақтау, жеке бостандық, қауіпсіздік, кәсіпкерліктің мүмкіндіктері, басқару және әлеуметтік капитал.
Кеңестік дәуірден кейінгі кеңістікте ең үздігі рейтингте Литва (42 ) және Латвияда (44 ). Белоруссия 58-ші орыннан 53-ші орынға шыққан, Украина - 64-тен 63-ке, Қазақстан керісінше, рейтингте сегіз жолға төмендеп, 55-ші орынға ие болды, Ресей 68-ші орында.