Кинода кеңестік спорт жұлдызы әйгілі хоккейші Валерий Харламовтың қалыптасу тарихы көрсетілген. Оның ролін Данила Козловский сомдап шықты. Жаттықтырушы Анатолий Тарасовтың ролін Олег Меньшиков ойнады. Картина "Тритэ" студиясында түсірілген.
"Алтын қыран" кинопремиясын 2002 жылы наурыз айында Ресей кинематография өнері мен ғылымы академиясы тағайындаған. Академия президенті - режиссер Владимир Наумов.