«Легияның» үш жанкүйеріне Қазақстанға келуге рұқсат берілмеді

Варшаваның «Легия» командасының үш жанкүйері бұған дейін стадиондардағы жағымсыз әрекеттерімен көзге түскен. Сол үшін Еуропа Лигасының топтық кезеңінде Ақтөбемен болатын ойынға келуге оларға рұқсат берілмеді.

Клубтардың алғашқы кездесуі тамыздың 21-і Ақтөбеде өтеді. Ал қарымта ойын тамыздың 28-де Варшавада болады.