Лемье Головкин мен Сондерстің қайсымен реванш өткізгісі келетінін айтты

Британиялық Билли Джо Сондерстен төрешілер шешімімен жеңілген канадалық боксшы Давид Лемье болашақта әлем чемпионы атағы үшін қайта таласатынын айтты, деп хабарлады Sputnik Sports.kz-ке сілтеме жасап. 

Лемье "Сондерс пен Головкиннің қайсымен реванш өткізгің келеді?" деген сұраққа жауап берді. Ол 2015 жылы техникалық нокаутпен жеңілгеніне қарамастан GGG-мен екінші рет кездескісі келетінін мәлімдеді.

"Оны Сондерспен жекпе-жектегідей соңынан қуған жоқпын. Менде Головкинді, «Канело» мен Сондерсті жеңетіндей күш-қуат бар екенін дәлелдейтін күнді асыға күтіп жүрмін", — деді Лемье Boxingscene.com-ға берген сұхбатында.