Қарағанды облысының әкімдігі Шахтинсктегі шахтада қаза тапқандардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz
Жалпы, апат болған шақта 106 адам жер астында еңбек етіп жатқан. Оның 101 эвакуацияланды. Өкінішке қарай, бес адам қаза тауып, төртеуі жарақат алды.
1. Бойченко Дмитрий Игоревич, 1991 жылы туған, жерасты бұрғылау қондырғысының машинисі. Жұмыс өтілі – 8 жыл. Артында анасы қалды.
2. Санжаров Андрей Павлович, 1980 жылы туған, жерасты бұрғылау қондырғысының машинисі. Жұмыс өтілі – 21 жыл. Ата-анасы мен екі баласы қалды.
3. Инкин Денис Анатольевич, 1984 жылы туған, жерасты бұрғылау қондырғысының машинисі. Жұмыс өтілі – 13 жыл. Марқұмның соңында әкесі, жұбайы, қызы және асырауындағы тағы бір адам қалды.
4. Қашкей Арман Қадыржанұлы, 1993 жылы туған, жерасты бұрғылау қондырғысының машинисі. Жұмыс өтілі – 8 жыл. Артында ата-анасы қалды.
5. Ынтыбеков Марғұлан Серікұлы, 1996 жылы туған, бұрғылау қондырғысы машинисінің көмекшісі. Марқұмның артында әкесі қалды.