Басқосуға Ленинград пен Сталинград қалаларын азат етуге қатысқан қазақстандық ардагерлер, блокадада болған қала тұрғындары қатысты.
Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісінің кеңесшісі Александр Травин ардагерлерді айтулы тарихи оқиғаның 68 жылдығымен құттықтай келіп, «Ленинград құрсауының бұзылуы мен Сталинград қаласының азат етілуі Ұлы Отан соғысы тарихында аса маңызды орын алады. Сол майданда от кешкен ардагерлердің ерлігі ұрпақтан ұрпаққа үлгі болып қала береді», деді.
Ардагерлерді қабылдаған Ресейдің Мәдениет және ғылым орталығында Ұлы Отан соғысы жылдарында түсірілген тарихи фотосуреттер көрмесі ұйымдастырылды. Жиналғандарға өткен күннен сыр шертетін деректі фильм көрсетіліп, ардагерлерге кәдесыйлар тапсырылды.