Caravan Logo

Лев Черепанов ашық жүзуден Азия чемпионатының жүлдегері атанды

Лев Черепанов ашық жүзуден Азия чемпионатының жүлдегері атанды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандық спортшы 10 шақырымдық жүзуде үшінші нәтиже көрсетті. Айта кетсек, Азия чемпионаты 10 қарашаға дейін жалғасады. Турнирде еліміздің атынан алты спортшы бақ сынауда.