Lexus кісі өліміне себепкер бола жаздады

Кеше, 6 сәуір күні сағат 22:00 шамасында Қабанбай көшесі бойында сұр түсті Lexus бағдаршамның қызыл түсіне қарамастан жүйткіп өтіп, жаяу жүргіншілерді қағып кете жаздады. Оқиға куәгері көлігіндегі бейне тіркеуішке түсіп қалған видеоны арнамызға жіберді.