Бұл ақпаратты аталған білім ордасының баспасөз қызметі таратып отыр.
10 қаңтарда басталып, 5 ақпанға дейін жалғасатын «Денсаулық және сергектік» атты дәстүрлі спартакиадаға университеттің барлық факультеті мен құрылымдық бөлімдерінің қызметкерлері қатыспақ. Дегенмен бұл шараға студенттер мен магистранттар қатыстырылмайды.
«Оқытушылар мен докторанттар және құрылымдық бөлім қызметкерлері волейбол, мини-футбол, шаңғы жарысы, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі бойынша сайысқа түседі», - делінген баспасөз хабарламасында.