Лицензиясы жоқ диллерден алынған көлік тіркеуге алынбайды

Оған сайкес, көліктерді елімізге тек арнайы лицензиясы барлар тасып кіргізе алады. Тиісті рұқсаты жоқ диллерден машина алып қойсаңыз бұдан былай тіркеуге алынбайды. Шенеуніктер осы арқылы тұтынушыларды алаяқтардан қорғаймыз деп отыр. Өйткені, жұрттың ақшасын алып сан-соқтырып кететіндер көбейген. Сондай-ақ, бұл автокөлік нарығындағы қызмет көрсету сапасын да жақсартпақ. Ал, көлікті өзіне ғана алатын жеке тұлғаларға бұның еш қатысы жоқ. Яғни, кез-келген адам Ресей немесе басқа шетелдерден жаңа «темір тұлпарын» еш кедергісіз шекарадан өткізе алады.

Серік Рақымов, ҚР Инвестиция және даму министрлігінің басқарма жетекшісі:

-Автокөлік нарығында бәсекелестік үнемі болады. Диллерлерді лицензия алып заң бойынша жүмыс істеуге міндеттегенімізбен олардың саны азаймайды. Тиісті рұқсатын алып жұмысын жалғастырады. Сондықтан автокөлік бағасы қымбаттайды деп айта алмаймын

Loading...