Жалпы сатылым басталғалы бері барлығы 2 мың 14 диск сатылған.
Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы және «Sataifilm» компаниясы түсірген Ақан Сатаевтың «Ликвидатор» фильмінің DVD дискілердегі нұсқасы 27 тамызда сатылымға шыққан болатын.
Аталмыш кинофильм оққағар Арсен (сомдаушы актер Берік Айтжанов) есімді жігіттің оқиғасын баяндайды. Ол ағасының өлімінен кейін, оның кездейсоқ көз жұмбағандығын дәлелдейтін мәліметтер алады. Аталған фильмде атақты ұлыбританиялық актер Винни Джонс, Азиз Бейшеналиев және Қарлығаш Мұхамеджанова сынды киножұлдыздар түседі.