Лионель Месси екі жылға жуық уақытқа сотталды


Бұл туралы РБК жазады.

«Барселона» клубының шабуылшысы Лионель Месси мен оның әкесі 2007-2009 жылдар аралығында футболшының жарнамадан тапқан €4 млн көлемдегі қаржысына салынатын салықтан жалтарғаны үшін айыпты деп танылды. Каталония соты олардың әрқайсысын 21 айға түрмеге қамау туралы үкім шығарған, деп жазады Reuters.