Литва «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысатындығын растады

қазақстандық делегация кеше, 13 сәуірде Литва Республикасына сапармен барды. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Сапардың басты мақсаты «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне Литва Республикасын қатысуға шақыру және екі ел арасындағы ықпалдастықтың қазіргі ахуалы мен болашағын талқылау болды.

Вильнюс қаласына сапары барысында Үкімет канцлері Альминас Мачюлиспен, Литваның ЭКСПО көрмелеріне қатысуы үшін жауапты Қоршаған ортаны қорғау министрі Кестутис Тречиокаспен, сонымен қатар, Көлік және коммуникациялар министрі Римантас Синкявичюспен және Энергетика министрі Рокас Масюлиспен кездесулер өтті.

Литва Үкіметінің канцлерімен келіссөздер барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін және Литва премьер-министрі Альгирдас Буткявичюстың ү.ж. мамырда Қазақстанға сапарын ұйымдастыру мәселелерін талқылады.

Р. Жошыбаев Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Литва Республикасының Президенті Д. Грибаускайтеге «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуға ресми шақыруын табыс етті. Өз кезегінде, Мачюлис Литваның Астанадағы Халықаралық көрмеге қатысу ниетін растады.


Энергетика министрлігіндегі кездесуде энергетикалық саладағы ынтымақтастық мәселелері және Литваның жаңармалы және баламалы энергия көздері салаларындағы жобалар талқыланды.

Р. Жошыбаев «ЭКСПО-2017» баламалы энергетиканың өндірісі мен қолданысына зор екпін беріп, әлемнің жетік технологияларын ұсынуға, энергетикалық тиімді бағдарламаларды ілгерілетуге зор мүмкіндік береді деп атап өтті. Астанадағы көрменің тақырыбын