Литва мен Нигерияның ойыны кезінде маймылды бейнелеген нәсілшіл жанкүйерге айыппұл салынды

Литвалық команданың жанкүйері маймылдың дыбысын шығарып, нәсілшілдік қимыл-әрекеттер жасаған. Әзірге айыппұлдың көлемі нақтылана қойған жоқ, сотта болғаннан соң әлгі жпнкүйер босатылды.

Еске сала кетсек, Литва құрамасының баскетболшылары 31 шілде күні Лондон Олимпиадасының топтық турниріндегі екінші айналым ойынында Нигерияны 72:53 есебімен ойсырата жеңген болатын, деп жазады Еуразия бірінші арнасы.