"Премьер-министрдің Қазақстанға келмек ниетін қолдаймыз және бұл сапар екі ел арасындағы әдеттегі меймандос қарым-қатынастарды дамытуға жаңаша перспективалар мен мүмкіндіктер туғызады деп сенеміз", - деді Н.Назарбаев.
Президенттің атап көрсетуінше, "Қазақстан Литва Республикасымен арадағы байланысқа айрықша маңыз береді". "Біздің елдеріміздің арасында саяси диалог орнаған, қажетті келісім-құқықтық база құрылды, екі жақты ынтымақтастықты дамытудың басымдықтары айқындалды", - деді ол.
Өз кезегінде Р.Козыровичюс Литваның Қазақстанмен арадағы ынтымақтастық аясын кеңейтуден мүдделі екендігін жеткізді. Атап айтқанда ол "экономикалық тұрғыда, сондай-ақ, энергетика және ауылшаруашылығы салаларындағы қарым-қатынастарды нығайту қажеттігін" атап өтті.
Дипломаттың нақтылауынша, "премьер-министрдің Қазақстанға сапары келесі жылдың бірінші жартысында жүзеге асырылуы мүмкін". "Меніңше, бұл сапардан кейін біздің ынтымақтастығымыз бұдан да беки түседі", - деді Р.Козыровичюс.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті