Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
"Үшінші дүниежүзілік соғыс жүріп жатыр. Ол еуропалық. Бұл тек Украинамен соғыс емес. Бұл Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қалыптасқан қауіпсіздік архитектурасына қарсы бүкіл демократиялық әлемге қарсы соғыс.
Оны бастаған да, жағдайды қиындатып жатқан да біз емес. Егер артқа шегінсек, агрессор басымызға шығып, қалыптасқан тәртіпті өзгертеді. Ал оның салдары жаман болады, онымен күресе алмай қаламыз. Әсіресе біз сияқты кіші елдер үшін", - дейді ол.
Грибаускайтенің сөзінше, Батыс мүлдем басқа өркениетке тап болады. Ал Путин билігіне қарапайым адамдар емес, "әскерилер" мен басқа да қаржы құрылымдары қолдау білдіреді. Сонымен қатар, экс-президент санкцияларға қатысты ойын айтты.
"Ешқандай санкция оларды ойынан айнытпайды. Керісінше, батыс елдері салып жатқан санкциялар Батысқа қарсы адамдарды біріктіреді. Батыс өкілдерімен тамақтанып, әзілдеп: "оларға күн көру үшін картоп, қияр және тағы басқа нәрсе ғана керек" деген едім. Біз, Батыс өкілдері оларға біздің сусабын немесе басқа да нәрсе жетпей қалады деп ойлаймыз. Олар онсыз да өмір сүре алады және кез келген санкцияға төтеп бере алады", - дейді ол.