Ливан үкімет басшысы елімізге ресми сапармен келеді

ҚР СІМ-нің ақпаратына сәйкес, 27-тамызда Астанада Рафик Аль-Харири ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметовпен келіссөз жүргізеді.

Ал 28-тамызда Алматыға келетін Ливан үкімет басшысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен және ҚР парламенті мәжілісінің төрағасы Жармахан Тұяқбаймен кездеседі деп күтілуде.
Сондай-ақ, ресми сапар аясында Ливан үкімет басшысы еліміздің кәсіпкерлер өкілдерімен жүздесіп, Шымбұлақ тау шаңғысы базасы мен Медеуді аралайды деп жоспарланған.