Ливанда Бейрутте орын алған жарылыс құрбандарына арналып қаралы күн жарияланды

Ливан премьер-министрі Таммам Салам ел халқын қоғам тыныштығын бұзуға әрекет еткен адамдар алдында  бірлікке шақырды, деп жазады Би-Би-Си.

БҰҰ бас хатшысы  Пан Ги Мун шабуыл жасаушыларды айыптап, Ливан қауіпсіздік қызметін «мұндай сорақы әрекет соңғы жылдары елде орнаған тыныштықты бұзуына жол бермеуге» шақырды. 

Соңғы деректерге сүйенсек, Бейруттегі екі жарылыс салдарынан 43 адам қаза тауып, 200-ден астам адам жарақат алды.


Жарылысқа жауапкершілікті Сирияда соғысып жатқан «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы мойнына алды.