Ливан астанасы Бейрут қаласында қаруланған бір топ адам Turkish Airlines әуе компаниясының екі ұшқышын ұрлап әкетті, деп хабарлады жұмада Ливан ІІМ жетекшісі Марван Чарбель.
Министрдің айтуынша, олар Бейрут әуежайынан қонақ үйге қарай шыққан түрік әуе компаниясының қызметкерлері отырған автобусқа шабуыл жасап, екі адамды алып кеткен.