"Осы процеске белсене атсалысушы Франция секілді бірқатар Еуропа елдерінің өзі Ливанға өз бітімгершілерін жіберуге асықпай отыр, өйткені, ол үшін бірқатар шарттар орындалуы керек",- деді Е.Ашықбаев.
"Біз әрине, ахуалға мониторинг жүргізіп отырмыз. Дегенмен, қазіргі жағдаймен Ливанға қазақстандық бітімгершілерді жіберу мәселесі әзірге қарастырылған жоқ",- деді ол.
"Қазір ҚР СІМ Ливанға қайырымдылық көмек жіберу мәселесін қарап жатыр",- деді Е.Ашықбаев.