Ливия экс-премьері Еуропаға террористік қауіп төніп отыр деп ескертуде

" Италия, Ұлыбритания, Франция, Испания, Марокко және басқа бір елде жауынгерлік операциялар жүргізу үшін Ливия "әл-Каиданың" базасы болуы әбден ықтимал", деді Али Зейдан басылымға берген сұхбатында.

Оның айтуынша, ол жуық арада Ливияға оралып, онда тәртіп орнатуға, экстремизмге қарсы күресуге көмектеспек.

А.Зейдан ливиялық парламент биыл 12-наурыз күні оған сенімсіздік білдірген соң елден қашқан болатын. Экс-премьерге қарсы сыбайластық туралы іс қозғалды, оған шетелге кетуге тыйым салынған болатын. Соған қарамастан ол Ливиядан қашып кетіп, Германиядан саяси пана сұраған.