Ливия өкіметі көтерілісшілермен келіссөз жүргізіп жатыр - Франция СІМ

Бұл туралы Europe 1 радиостансасы хабарлады.

«Тараптардың арасында келіссөз жүріп жатыр. Бірақ әңгіменің мән-жайынан бейхабармын»,- дейді Франция министрі.

А.Жюппен, қазір М.Каддафидің болашақ тағдыры мен оның билік басынан кету мәселесі сөз болып жатқанын айта келе: «Ливиядағы қақтығысты саяси жолмен шешудің» жолындағы негізгі мәселе осы», - деді.

Естеріңізге сала кетейік, Ливия өкіметі мен көтерілісшілердің арасындағы келіссөз туралы алғаш рет 18 маусымда Ливия премьері Әл-Бағдади әл-Махмұди мәлім еткен болатын. Оппозиция өкілдері бұл ақпаратты теріске шығарған еді.