Ливия жағалауларында кеме апатқа ұшырады

Әскерилер Триполидан шығысқа қарай Таджура қаласы маңында суға батқан кемеден 26 адамды ғана құтқарды. «Теңізде өлі денелер өте көп», - деп мәлім етті елдің Әскери-Теңіз күштерінің өкілі Айюб Кассем, ол мерт болған адамдардың нақты санын айта алмады.

Жасырын көші-қон соңғы жылдары Еуроодақ елдері үшін өте проблемалы мәселеге айналды. 2010 жылы Ливия  африкандық мигранттардың ЕО-ға барар жолындағы негізі бекет болды, ал жасырын көші-қон қылмыстық іске жатқызылды.

Нақ осы ауқымды жерортатеңіздік ливиялық шекара жыл сайын еуропалық елдерге жұмыс және жайлы өмір іздеп аттанған мыңдаған жасырын мигранттар аттанатын басты нүкте болды.