Ливия жағалауында 500 адам тиелген екі қайық суға батып кетті


Жергілікті биліктің хабарлауынша, 20 адам судан аман шықты. 100-ге жуық адам табылған жоқ. Болжам бойынша олар, қайықтан шығып үлгермей қалған.  

Биыл жыл басынан бері Ливиядан қашып, Италияға қайықпен жүзіп өтпек болған 2 мыңға жуық адам теңізге батып кетті. 
Осы аптада Австрия билігі Венгриямен арадағы шекарадан 20 мигранттың мүрдесін тапты. Тек, өткен айдың ішінде Еуро одақ шекарасын 107 500 адам кесіп өткен.