Құтқарушылар аман қалған 300-ден астам жолаушыны Сицилия аралына жеткізді. Көбіне дәрігерлік көмек қажет болған. Мигранттардың көбі Бенин, Мали мен Сенегал азаматтары. Соңғы кездері нәпақа іздеген африкалықтардың діттеген жеріне жете алмай, теңізде апатқа ұшырауы жиі қайталанып жүр. Өйткені, шағын әрі ескі қайықтарға адамдар жүздеп тиеліп алады. Ал олар көбіне теңіз толқынына төтеп бере алмай, аударылады екен. Былтыр да 250 жолаушысы бар кеме суға батқан еді. Тіпті, ол кезде мигранттардың небәрі 40-қа жуығы ғана аман қалған болатын. Еуропаға ағылғандар негізінен қарулы қақтығыс жүріп жатқан аймақтың тұрғындары.
Loading...