Олар содырлардың құрсауында қалған қаланың шығыс бөлігін кері қайтармаққа әрекеттенген екен. Ливия Үкіметінің әскері бүгінгі қақтығысты соңғы уақытта болған ең жойқын әрекеттің бірі болды деп бағалап отыр. Өйткені оған танк пен әуе күштері түгел жұмылдырылған. Әзірге, екі жақтан да қаза болғандардың саны нақты айтылмауда. Бенгази өңіріндегі текетірес мамыр айынан бері жалғасып келеді.