Бұл туралы ол журналист Динара Сәтжанның Youtube арнасына берген сұхбатында айтып берді, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Өкінішке орай, қазақстандық әншілер үшін бір орынға 50 мың төлеуге біздің көрермен дайын емес. Менің концертімде ең қымбат билет ол 17 мың теңге тұрады. 5 мыңнан 17 мыңға дейін тұрады. Ал Лободаның концерті 15 мыңнан 50 мыңға дейін болар. Лобода мұнда ештеңе ұйымдастырмайды. Ол "менің бағдарламам мынадай, бағасы мынадай" дейді. Мұндағы ұйымдастырушылар оған бүкіл айтқан сомасын төлеп береді. Лобода үшін 50 мың теңге төлеуге дайын, ал мен үшін дайын емес. Мен үшін 17 мың теңге төлеуге дайын", - деді Дастан Оразбеков.