Ломбардқа шабуыл: Нұр-Сұлтан полициясы адамдарды кепілге алды деген мәілметті растамады

Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Әлеуметтік желіде және WhatsApp мессенджерінде видео таралып жатыр, онда қаладағы ломбардтардың бірінде белгісіз біреу адамдарды кепілге алынған сыңайлы. Видеода сөйлеп тұрған азаматтың адамдарды кепілге алды деген мәлімет шындыққа жанаспайды", - деді полиция өкілдері. Криминалдық полиция басқармасының мәліметінше, 3 сәуірде кешкі уақытта Гете көшесіндегі ломбард ғимаратына кіріп, қызметкерге қаруға ұқсас затпен қорқытып, ақша беруді талап еткен белгісіз азамат туралы хабарлама келіп түсті. Ақша алып, ер адам қылмыс орнынан бой тасалаған. Күдіктіні анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. "Қылмыс жасады деп күдіктелген жігіттің жасы 25-27-те, бойы 175-177 сантиметр, ол қара түсті күннен қорғайтын көзілдірік таққан. Сондай-ақ бет жағында ашық жасыл түсті медициналық маска, капюшоны бар қара түсті маусымдық күртеше, көк түсті спорттық шалбар, ақ жолақтары бар қара кроссовк киген", - делінген ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.