Лондон 2012: А.Алябьева жалпы есеп бойынша 13-ші орында


18 жасар жерлесіміз бірінші жаттығуда 27,200 ұпай жинап, 11-ші орыннан көрінген еді. Ал екінші жаттығудың қорытындысы бойынша ол 26,575 ұпайға қол жеткізіп, жалпы 53,775 ұпаймен әзірше 13-ші орында келеді. Ертең, тамыздың 10-ы күні іріктеудің екінші кезеңі өтеді. Оның нәтижесі бойынша финалға шығатындар анықталады.