Лондон: Ә.Шәпиев ширек финалда венгерлік палуанға есе жіберді

Естеріңізге сала кетейік, 1/8 финалда туннистік Билел Оуечтат біздің спортшымызға қарсы шығып, еш қарсылық көрсете алмады, қорытынды есеп 6:3 болып, біздің спортшының пайдасына шешілген еді. Ал Ә.Шәпиевтің қарсыласы венгерлік Габор Хатос қытайлық спортшыны жарыс жолынан ығыстырған болатын.

1983 жылы дүниеге келген Әбдулхакім Шәпиев Батыс Қазақстан облысының атынан өнер көрсетуде. Ол Қазақстанның екі дүркін чемпионы, 2010 жылы өткен Азия ойындарының жүлдегері, 2010 жылғы әлем чемпионатының қола медалінің иегері, сондай-ақ 2011 жылы Ыстамбұлда өткен әлем чемпионатында 5-ші орынға тұрақтаған.