Лондон металл биржасында алюминий құны бір тоннасына $2705 дейін арзандады

Мәселен, Лондон металл биржасының қарамағаындағы алюминий қоры өткен айда 831-ден 822 мың тоннаға дейін азайды.

Халықаралық алюминий институтының (International Aluminium Institute) хабарлауынша, 2007-жылдың маусым айының басында өңделмеген алюминийдің қоры 1,55 млн тоннаны құрады. Әлемдік жалпы алюминий қоры металл қалдықтарын қосқанда 2,89 млн тонна болып, өткен айдағыдан 40 мың тоннаға азайды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті