Лондон металл биржасында мыстың құны бір тоннасына $8041 дейін өсті

Ал Лондон металл биржасының қарамағындағы мыс қоры өткен айда 119-дан 99 мың тоннаға дейін азайды.

Осы айда мыстың бағасымаңызды қарсылық деңгейінен асып, бір тоннасына 8000 АҚШ долларынан жоғары деңгейде тұрақтады. Қордың одан әрі азаюы, Оңтүстік Америка мен Мексика кен орындарында көтерілістер шығу қаупіне байланысты баға одан әрі өсуі мүмкін. Соңғы күндері әлемдік мыс нарығы Чилидің Codelco және Collahuasi компанияларындағы ереуілдердің әсерін сезінуде. Осыған байланысты Лондонның Standard Bank инвестициялық банкі дүниежүзіндегі мыс өндірісіне елеулі әсер ететін саладағы ереуілдердің көбею мүмкіндігіне байланысты мыс нарығындағы 2007 және 2008-жылдарға арналған жеткізілімдерге деген бағасын қайта қарады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті