Лондон металл биржасында қалайының құны бір тоннасына $14 000 дейін азайды

Биржадағы бағаның арзандауына қоймадағы металл қорының ұлғаюы себеп болған. Мәселен, Лондон металл биржасында бақыланатын қалайы қоры өткен айда 8,3-тен 11,8 мың тоннаға дейін артты. Соңғы рет баға Балтимордағы қоймаға 1620 тонна қалайы жеткізілген соң бірден арзандай бастады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті