Лондонда метрода жарылыс болды, салдарынан жолаушылар зардап шеккен, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.
Sun басылымының мәліметінше, оқиға «Парсонс-Грин» станциясында болған. Жарылыстан бірнеше адамның беті күйіп қалыпты. Оқиға орнына шұғыл қызметтер келді.
Куәгерлердің айтуынша, вагондардың бірінде ақ контейнер жарылған.
Полиция оқыс оқиға болғанын растады, істің мән-жайы хабарланбай отыр.
«Парсонс-Грин станциясында болған оқиғадан хабардармыз. Қызметкерлеріміз оқиға орнында жүр», - делінген Лондон полициясының твиттердегі парақшасында.
Жарылысқа байланысты Эрлс Корт станциясынан Уимблдон станциясына дейінгі аумақ қоршауға алынды