Лондон олимпиадасы: палуан Д.Жұмағазиев өзінің негізгі қарсыластарын біліп отыр

«ҚазАқпарат» тілшісіне сұхбат берген Алматы облысының тумасы, Лондон Олимпиадасына қатысатын еркін күрес палуаны Дәурен Жұмағазиев осындай сенімді жанына серік етіп отыр.

Оның айтуынша, еркін күрестен 60 келі салмақта Олимпиадаға әлемнің түкпір-түкпірінен келетін спортшылар баршылық. «Менің негізгі қарсыластарым, ол - Ресей палуаны Бесик Кудухов және Пуэрто-Риканың спортшысы Гомес Матос. Олардан басқа да шеберлер бар. Бірақ кім болса да біз, еркін күрес палуандары, Лондон олимпиадасында бар күш-жігерімізді салатын боламыз. Ұлыбританияға біз тамыздың 2-сі күні аттанамыз. Сол жақта он күндей жаттығып, боз кілемге шығамыз», - дейді Д.Жұмағазиев..

Айта кетейік, қазіргі кезде Лондон Олимпиадасына баратын Қазақстанның еркін күрестен құрама командасы Астанада жаттығып жатыр.