Лондон Олимпиадасына спортшыларды дайындауға қосымша 997 млн. теңге қажет

Оның айтуына қарағанда, агенттік «Самұрық-Қазына» қорымен қазірдің өзінде Лондон Олимпиадасына спортшыларымызды жан-жақты дайындау үшін қосымша 997 млн. теңге көлемінде қосымша қаржыландыру мәселесін әзірлеген.

«Осыған орай Сізден осы бастаманы қолдауды өтінеміз. Өйткені мұндай тәжірибе барлық спорттық державаларда қолданылады», - деді Т.Ермегияев.

Агенттік басшысының пайымынша, бюджеттен тыс қаржы тарту жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізуге әрі спортшылардың жүлделі орындардан көрінуіне қажетті барлық жағдайды жасауға сеп болады.