Лондон Олимпиадасына жолдамалар үшін күрес жалғасуда

Ол Лондон Олимпиадасына қатысушылар үшін ұпай жинауға мүмкіндік беретін ең соңғы жарыс болмақ. Онда үздік үштіктің қатарына енгендер 4 жылда бір рет өтетін ең мәртебелі жарыста ел намысын қорғауға мүмкіндік алады.

Ұлттық құраманың бас бапкері - Асхат Жіткеев. Азия чемпионатында Еркебұлан Қосаевқа (60 келі), Сергей Лимге (66 келі), Ринат Ибрагимов (73 келі), Ислам Бозбаев (81 келі), Тимур Болат (90 келі), Виктор Демьяненко (100 келі) мен аса ауыр салмақтағы Ержан Шынкеевке үміт артылады.