Лондон Олимпиадасында теңдесі жоқ өнер көрсеткен қазақстандық спортшылардың азаматтығына қатысты әңгімелер қызғаныштан туындап отыр

«Мұны біз кезекті қызғаныш деп білеміз. Біздің жеңістерімізге бәрі бірдей қуанып отырған жоқ. Әсіресе, біздің қарсыластарымыз қуанбайды», - деді ол сәрсенбі күні Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

«Қазақстандық олимпиадашылар бір кезде Қытайда тұрған. Бірақ, сол спортшыларды өздері дайындап шығарса кім қой депті? Олар спортшыларды қиналмастан жіберді ғой. Енді міне, алты жылдан кейін олар үлкен жетістіктерге жеткен кезде іштерінен «қасық айналмайтынын» көрсетіп жатыр», - дейді А.Крючков.
«Сондықтан мен олардың мұнысын негізсіз деп есептеймін. Оларды кеше әкеліп, бүгін медаль алып жатса екен. Біз оларды бір цикл бойы дайындадық және олар бұған дейін ұлттық құрама мүшелері саналды», - деп қосты А.Крючков.
Осыдан біраз бұрын Қытай БАҚ Қазақстан үшін алтын медаль жеңіп алған ауыр атлетіміз Зульфия Чиншанлоны «жалға берілген қытайлық спортшы» деп жазған болатын.
З.Чиншанло мен ел қоржынына үшінші алтын салған ауыр атлет Майя Манеза да бір кезде Қытайда тұрған болатын. Олардың екеуі де 2007 жылы Қазақстан ұлттық құрамасына шақырылды.